Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛАДЫ Редактор 06.04.2023 17084 Түркістан облысында балалар футболы қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында жасөспірімдерге арналған футбол акамедиясы ашылады. Қазіргі таңда құжаттары әзірленіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді. Бұдан бөлек басқарма басшысы Түркістан қаласындағы Туризм және меймандостық университетінде биыл спорттық туризм факультеті ашылатынын мәлімдеп, өңірдің спортшыларының жетістіктеріне тоқталды. — Түркістан облысында республикалық және халықаралық чемпионаттардың қорытындысы бойынша 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері және 44 спорт шеберіне кандидат спортшылар дайындалды. Сонымен қатар, өткен жылы ұлттық құрамаға облыстан жалпы 429 спортшы енген болатын. Қазіргі таңда саңлақтарымыз 2024 жылы өтетін Париж олимпиадасына қызу дайындық үстінде, — деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда облыста 4 647 спорт ғимараттары тіркелген. Облыс орталығында былтыр халықаралық теннис орталығы ашылды. Биыл Түркістанда Мұз сарайы мен Ескек есу каналы пайдалануға берілмек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6856 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8802 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047