Әлеумет «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА Редактор 07.04.2023 12004 1 оқу мин Ордабасы аудандық полиция бөлімінің және Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері бірлесіп, Ордабасы ауданы аумағында өскен Грейг қызғалдақтарын қызықтауға келген азаматтарға тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Грейг қызғалдағы Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтірген азаматтар жауапкершілікке тартылады. Ол үшін ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Аса сирек кездесетін жануарға зиян тигізу, табиғатқа залал келтіру 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына тартылуға апарып соғады. Табиғатқа қарсы жасалған қастандықтың түрі мен келтірген зиянына байланысты 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да тағайындалуы мүмкін. Кез келген адам қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысының 3 бөлігіне сәйкес айыппұл төлейді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 12422 Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 1 оқу мин Әлеумет Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 16.04.2025 24952 Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 10.04.2025 53548