Әлеумет «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА Редактор 07.04.2023 25943 1 оқу мин Ордабасы аудандық полиция бөлімінің және Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері бірлесіп, Ордабасы ауданы аумағында өскен Грейг қызғалдақтарын қызықтауға келген азаматтарға тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Грейг қызғалдағы Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтірген азаматтар жауапкершілікке тартылады. Ол үшін ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Аса сирек кездесетін жануарға зиян тигізу, табиғатқа залал келтіру 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына тартылуға апарып соғады. Табиғатқа қарсы жасалған қастандықтың түрі мен келтірген зиянына байланысты 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да тағайындалуы мүмкін. Кез келген адам қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысының 3 бөлігіне сәйкес айыппұл төлейді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 10352 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 27099 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 12147