Әлеумет Түркия таңғалдырудан жалықпайды Редактор 19.05.2023 8619 1 оқу мин Коньяға табанымыз тигеннен кейін бірінші барғанымыз — Мевлана музейі. Румидің құрметіне жасалған алып мавзолейді өз көзіңмен көру, аурасын сезіну бөлекше. Қаланы аралағанда ескі мен жаңаның қатар қолданылғанын байқадық. Ал біз орналасқан HICH қонақүйі дәл Мевлана музейінің жанында екен. Жұмадағы таңымызды азанның әуезді үнімен бастауға себеп болған бұл қонақүйді Серкан Ванлы 2013 жылы ашқан. Бұл кісі ел аралап, жер көргенді, саяхаттай жүріп өзіне ерекше ұнаған детальдарды қойындәптеріне түртіп алуды әдетке айналдырған. Мына қонақүй — сол ерекше идеялардың жемісі. Расында Түркияда замануи үлгіде жасалған, сәннің соңғы жетістіктерін паш ететін қонақүйлер жетерлік. Ал бұл қонақүй Түрік елінің көне тарихы мен дәстүрін бүгінгі өмір салтымен үндестіре білуімен құнды. Қонақүйге кіргенде тас дәуіріне енгендей әсерде боласыз. Бірақ, жайлы төсек, жарық та сәулетті бөлмедегі заттардың бәрі заманауи үлгіде жасалған. Коньяның дәл жүрегінде, Мевланының жанында орналасқан HICH қонақүйі әр туристің көңілінен шығарына күмән жоқ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 0 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 1027 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 1 оқу мин Әлеумет 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 11.09.2025 6764