Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 11 елді мекендерде (Иіржар, Жаңажол, Азаттық, Ақжол, Арайлы, Нұрлыжол, С.Рахимов, Өркениет, Игілік, Шаттық, Ақалтын) қайта құру жұмыстарын жүргізу және ауыз су құбыры жоқ 2 елді мекенге (Достық, Найман Бұқарбай) ауыз су құбырын салу қажет етеді. Осы мақсатта 2023 жылға облыстық бюджеттен 29,4 млн тг. бөлініп, Атакент, Береке және Иіржар е/м ауыз су жүйелерінің қайта құру жұмыстары жүргізілуде, құрылысы 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, 2023 жылға аудандық бюджеттен 95,0 млн. теңге қаралып, 9 елді мекеннің (Азамат, Өркен, Көкпарсай, Алғабас, Атакент — Кувакова көш., Мырзакент — Мадиходжаев көш., Шұғыла, ҚазССР 40 жылдығы, Гүлістан) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, жүргізілуде. Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті қаржысы бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жаңажол е/м сметалық құны – 588,6 млн. теңге. Азаттық е/м сметалық құны – 393,2 млн. теңге. Жобалаушы ұйымдар тарапынан Атакент кентінің (2-бөлігі), Өркениет, Игілік, Ақжол және Арайлы елді мекендеріне ЖСҚ әзірленуде. Қаржысы 29,5 млн. теңге. Ауданда 5 елді мекеннің (Достық, Шаттық, Ақалтын, Төрткүл, Жамбыл) жер асты суларына іздеу барлау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қорына қорытынды хаттамасын алу жыл соңына жоспарланған.Иіржар ауылдық округіне қарасты 9 елді мекеннің (Алаш, Наурыз, Азамат, Диқан, С.Рахимов, Шапағат, Азат, Иіржар, Мақтажан) ішкі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1 млрд 182 млн. теңге қаржы қаралып, 2021 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 1 млрд 404 млн. теңге. Дихан е/м – 638,1 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «JANA KZ QURYLYS» ЖШС. Наурыз е/м – 92,7 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Нұр-Аман» ЖШС. Алаш е/м – 155,8 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Сартобе» ЖШС. Иіржар е/м – 154,5 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Сартобе» ЖШС. Мақтажан е/м – 158,7 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Сартобе» ЖШС. Азат е/м – 23,7 млн. тг. 2022 ж. аяқталды. «Шалхар Бастау» ЖШС. Шапағат е/м – 26,7 млн. тг. 2022 ж. аяқталды. «Шалхар Бастау» ЖШС. С.Рахимов е/м – 29,9 млн. тг. 2022 ж. аяқталды. «Шалхар Бастау» ЖШС. Азамат е/м – 123,6 млн.тг. 2022 ж. аяқталды.»Таймас Company» ЖШС. Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтеріндегі жалпы 12 елді мекендеріне дейінгі жеткізуші газ құбырының құрылысы 2021 жылдан бастап жүргізілуде. Жалпы құны 1 млрд 972 млн. теңге. (ҚМЖ аяқтауға қажетті 394,3 млн. теңгесі 2023 жылға қаралған) Сонымен қатар, қолданыстағы АГТС-ның (автоматты газ тарату станциясы) қуаттылығын толығымен пайдаланылуына байланысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мы тарапынан газ жүйелеріне қосылуға «мораторий» жарияланып, техникалық шарт беру тоқтатылған. Осыған орай қосымша қуаттылығы 50 мың м3/сағ. құрайтын «Мақтаарал» АГТС салу жұмыстары 2021 жылдан бастап жүргізілуде. Жалпы құны 1 млрд 325 млн. теңге. (ҚМЖ аяқтауға қажетті 161,8 млн.теңгесі 2023 жылға қаралған) Қалған газдандырылмаған 23 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына және Мақтарал а/о жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ-ларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қаржысы 194,1 млн. теңге Оның ішінде 2022 жылы 10 жобаның сараптама қорытындысы алынса, қалған 13-де жобалау жұмыстары 2023 жылы аяқталады. 2022 жылға аудандық бюджеттен 37,0 млн. теңге, 2023 жылға 18,9 млн. теңгесі қаралып, Мырзакент кентіндегі Жоба 1, 2 көшелеріне және Пернебаев елді мекеніндегі 16 коммуналдық үйлерге газ жүйелерін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы аяқталады. Жалпы құны 55,9 млн. теңге. Сондай-ақ, Төрткөл елді мекеніндегі 12 коммуналдық үйлерге газ беру жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 231 млн. теңге қаржы қаралған және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 272 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге қаржы қаралған. Сонымен қатар, 1-6 жас аралығындағы балдарға арнайы азық-түлік түрлері мен гигиеналық құрал-жабдықтар орнына монетизацияға өзгертілді. Қазіргі таңда 4 ай есеп бойынша Атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 373 млн теңге , жергілікті бюджеттен 58 млн теңге қаржы игерілді.1-6 жас аралығындағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 64 млн теңге қаржы игерілді.