Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы мал шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аудан. Өткен жылдың қорытындысымен мал басының өсімі өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда өскен. Атап айтсақ: мүйізді ірі қара 59 927 бас немесе 101,4 пайызға, уақ мал 408 089 бас немесе 105,8 пайызға, жылқы 19 445 бас немесе 106,3 пайызға, түйе 9 700 бас немесе 101,6 пайызға артқан. Былтыр өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары 18 млрд теңге болса (Нақты көлем индексі 103,4%), 12 айлық статистикалық дерекке сәйкес орындалуы 18 млрд 849 млн 236 мың теңге болып, нақты көлем индексі 108 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 23 млрд 600 млн теңге болса, орындалуы 24 млрд 948 млн 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі 152,2 пайызды құрады. (Оның ішінде: бюджеттік инвестиция 3 млрд 820 млн теңге, жеке қаржы есебінен 21 млрд 128 млн теңге). 2023-2024 жылдары ауданға жалпы 66 млрд 970 млн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Осыған орай, бүгінгі таңда 26 инвестициялық жобалар іріктелді. Оның ішінде ірі деп саналған 7 жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: жүгеріден биоэтанол өнімін шығару жобасы «Отырар Био Тех» ЖШС, құны 50,0 млрд. теңге; күн электр энергиясын өндіру бойынша «Arm Wind» ЖШС-і құны 12 млрд 500 млн теңге; 400 бастық сүт фермасы және құрама жем шығару кәсіпорыны «Ontustik Altair» ЖШС, құны 1 млрд 100 млн. теңге; құрама жем шығару кешені «Созақ балық өнімдері» СТК, құны 1 млрд 200 млн. теңге; тауарлы балық шаруашылығын дамыту жобасы «Жұлдыз» ШҚ, құны 550 млн. теңге;ет және сүт өнімдерін өндіру «Есжанов Отырар» ЖК, құны 250 млн. теңге. шұжық цехтарын ашу бойынша «Нұрсейіт» ЖК, құны 150 млн. теңге. Одан бөлек, құны 1 млрд 220 млн. теңгені құрайтын 18 шағын жобалар (мал, құс шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету және шағын өңдеу цехтары) іске асырылатын болады. 2022 жылы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 3419 азамат жұмыспен қамту шарасына қатысты, жоспар 120,2 пайызға орындалды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырмасына сәйкес ауыл округтерінде 371 тұрақты жұмыс орындары ашылып, жоспар 120 пайызға орындалды. 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 417 отбасы өтініш білдіріп (2461 адам), 134,8 млн теңгеге әлеуметтік көмек төленді. Сондай-ақ, 408 балаға (1-6 жас) 4263 дана азық-түлік және 1441 дана гигиеналық құралдар жиынтықтары берілді (25,5 млн теңге). 2022 жылы «Қамқорлық» бағдарламасына сәйкес 22 отбасыға демеушілер есебінен 14 млн 760 мың теңгенің қаржылай және заттай көмектері көрсетілді. Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың жалпы халыққа шаққандағы үлесі 4,7 пайызға азайды. 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жоба» аясында 3690 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50306 адам немесе 97,5%). 5-елді мекенде орталықтандырылған ауызсу жүйесі жүргізілмеген. Олар: Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл. 2022 жылы Бестам (халық саны-151), Жанкел (халық саны-191), Ызакөл (халық саны-275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталған, 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны-352) елді мекеніне ЖСҚ әзірленуде. 2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны-365) елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген. Қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда. Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. 2022 жылы Шәуілдір ауылы М.Әуезов көшесіне (45,176 млн.тг) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 млн.тг) пайдалануға берілді. 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді. Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 млн теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді (келісім шарт құны 72,576 млн теңге).Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсуде. Биылғы 2023 жылғы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 млн. теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны 72 млн. теңге). Ауданның кіре беріс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады (смета құны 45 млн. теңге).