Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР Редактор 14.07.2023 12151 1 оқу мин Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді. Олардың 60% ұл болса, 40% — қыз. Яғни Түркістан облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша бірінші орында тұр. Бұл — аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі. Облыс аймағында үш облыстық перинаталдық орталық бар. Ал, аудан бойынша 22 перзентхана бөлімі жұмыс істейді. Түркістан облыс орталығына айналғалы бері демографиялық өсім 2 есеге ұлғайған. 2 миллионнан аса тұрғыны бар өңірде соңғы 5 жылда 237 762 сәби дүниеге келген. Бұл — жылына 60 мыңға жуық бөбек туылады деген сөз. Ал, биыл, яғни жыл басынан бергі 6 айда 26 мың 706 нәресте өмірге келген. Сонымен қатар, Түркістан облысы — елімізде үшем туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Соңғы 5 айда 59 отбасы егіз балалы болса, 2 отбасында үшем туылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 23294 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 22312 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 22000