Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР Редактор 14.07.2023 15391 1 оқу мин Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді. Олардың 60% ұл болса, 40% — қыз. Яғни Түркістан облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша бірінші орында тұр. Бұл — аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі. Облыс аймағында үш облыстық перинаталдық орталық бар. Ал, аудан бойынша 22 перзентхана бөлімі жұмыс істейді. Түркістан облыс орталығына айналғалы бері демографиялық өсім 2 есеге ұлғайған. 2 миллионнан аса тұрғыны бар өңірде соңғы 5 жылда 237 762 сәби дүниеге келген. Бұл — жылына 60 мыңға жуық бөбек туылады деген сөз. Ал, биыл, яғни жыл басынан бергі 6 айда 26 мың 706 нәресте өмірге келген. Сонымен қатар, Түркістан облысы — елімізде үшем туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Соңғы 5 айда 59 отбасы егіз балалы болса, 2 отбасында үшем туылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10566 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018