Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 49 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ Редактор 01.09.2023 10374 1 оқу мин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет және оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес екендігін түсіндірген болатын. Бүгінде мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр. Осы орайда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда аталмыш ұлттық жобаны жүзеге асыруда Түркістан облысы бойынша 49 медициналық нысанның құрылысы бой көтермек. Медициналық көмекті қол жетімді ету мақсатында жаңадан бой көтеретін емдеу нысандары шалғайдағы ауылдарда салынбақ. Биылдың өзінде Мақтаарал, Ордабасы мен Жетісай аудандарындағы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 3-нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың жалпы құны 1 102,4 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ Ордабасы ауданында фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Жалпы Түркістан облысы бойынша Ұлттық оператормен 3 үлгілі нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алған. Атап айтқанда, Қазығұрт, Төлеби мен Түлкібас ауданындарындағы елді мекендерде медициналық нысан құрылысы жүргізіледі. Бауыржан САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру жөніндегі орынбасары Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Насыбайшылар қолға түсті 1 оқу мин Әлеумет Насыбайшылар қолға түсті 12.06.2026 5885 В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 1 оқу мин Әлеумет В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 11.06.2026 3781 Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 1 оқу мин Әлеумет Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 11.06.2026 4152