Әлеумет Интернет-алаяқ азаматтардың сеніміне кіріп 5 миллион теңгеден астам ақша жымқырған Редактор 09.09.2023 14277 1 оқу мин Абай АПБ-ның кезекші бөліміне Түркістан облысының тұрғыны жүгінді. Жас жігіт оған вацап мессенджері арқылы хабарлама келгенін айтты. Белгісіз адам өзін туған ағасы ретінде таныстырып , оның шотындағы барлық қаражатты аударуды сұраған. Кейін қолма-қол ақша түрінде қайтаруға уәде берген. Ол ағасымен кездесіп, берген қаржыны аламын деп ойлаған кезде, алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Полицейлер арызды ҚР ҚК-нің 190 — бабы 4-тармағы 2-бөлігі «ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Шымкент ҚПД Сyberpool криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шараларды өткізу барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Жедел уәкілдер оны мегаполистегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Алаяқ жас келіншек 2019 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталып, 3,5 жыл жазасын өтеген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ тергеушілер күдіктінің интернет-алаяқтықтың тағы үш дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Оның құрбаны болғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сот шешімімен әйел кепілге жіберілді. Өз кезегінде Шымкент полициясы азаматтардан интернет-алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауын, қырағы болуын және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуін, интернет арқылы алынған ақпаратты қайта-қайта тексеруді сұрайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5522 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961