Әлеумет Интернет-алаяқ азаматтардың сеніміне кіріп 5 миллион теңгеден астам ақша жымқырған Редактор 09.09.2023 6920 1 оқу мин Абай АПБ-ның кезекші бөліміне Түркістан облысының тұрғыны жүгінді. Жас жігіт оған вацап мессенджері арқылы хабарлама келгенін айтты. Белгісіз адам өзін туған ағасы ретінде таныстырып , оның шотындағы барлық қаражатты аударуды сұраған. Кейін қолма-қол ақша түрінде қайтаруға уәде берген. Ол ағасымен кездесіп, берген қаржыны аламын деп ойлаған кезде, алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Полицейлер арызды ҚР ҚК-нің 190 — бабы 4-тармағы 2-бөлігі «ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Шымкент ҚПД Сyberpool криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шараларды өткізу барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Жедел уәкілдер оны мегаполистегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Алаяқ жас келіншек 2019 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталып, 3,5 жыл жазасын өтеген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ тергеушілер күдіктінің интернет-алаяқтықтың тағы үш дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Оның құрбаны болғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сот шешімімен әйел кепілге жіберілді. Өз кезегінде Шымкент полициясы азаматтардан интернет-алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауын, қырағы болуын және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуін, интернет арқылы алынған ақпаратты қайта-қайта тексеруді сұрайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 12.06.2025 14423 Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 1 оқу мин Әлеумет Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 06.06.2025 11900 Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 22.05.2025 50801