Әлеумет ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Редактор 28.09.2023 8288 1 оқу мин Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасының салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды айтулы қуаныштарымен құттықтады. Жаңа мектепте физика-информатика және мультимедиялық-лингафондық кабинеттер, спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы, асханасы бар. Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Жаңа білім ғимаратының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін 3 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан «Жібек жолы» жалпы орта мектебіне қатынап оқыған Баянды елді мекенінің 511 оқушысы енді өз ауылдарындағы 300 орындық білім ұясында 2 ауысымда білім алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі 21.08.2025 2367 Аялдамада жанжал шығарғаны үшін айыппұл арқалады 1 оқу мин Әлеумет Аялдамада жанжал шығарғаны үшін айыппұл арқалады 19.08.2025 6709 Түтінсіз темекі өндірумен заңсыз айналысқандар сотталды 1 оқу мин Әлеумет Түтінсіз темекі өндірумен заңсыз айналысқандар сотталды 13.08.2025 14499