Әлеумет ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Редактор 28.09.2023 13334 1 оқу мин Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасының салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды айтулы қуаныштарымен құттықтады. Жаңа мектепте физика-информатика және мультимедиялық-лингафондық кабинеттер, спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы, асханасы бар. Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Жаңа білім ғимаратының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін 3 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан «Жібек жолы» жалпы орта мектебіне қатынап оқыған Баянды елді мекенінің 511 оқушысы енді өз ауылдарындағы 300 орындық білім ұясында 2 ауысымда білім алатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 7776 Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 28.08.2026 6614 Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 1 оқу мин Әлеумет Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 25.08.2026 5941