Әлеумет Үздік ұстаздың жетістігі көп Редактор 06.10.2023 16264 1 оқу мин NIS жүйесінің барлық педагог мамандары үшін айтулы оқиғаға айналған дәстүрлі «Үздік жыл мұғалімі-2023» байқауына Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Шыңғыс Дархан қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есенғараұлы NIS жүйесінде 5 жылдан астам, ал Түркістандағы Зияткерлік оқу ордасы ашылғалы 2 жылдан бері қызмет атқарады. Бүгінде мектеп қабырғасында «Ziyat» дебат клубының жетекшісі және Youtube желісінде педагогикалық тақырыпқа негізделген подкастары арқылы шәкірттеріне креативті, жан-жақты педагог ретінде танылған. Сонымен қатар мектептің 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында өткен мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанған. 2022-2023 оқу жылы Түркістандағы білім ордасы сыртқы жиынтық бағалау емтиханы бойынша қазақ тілінен үздік 100% нәтиже көрсетіп, NIS желісінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл – Зияткерлік мектеп тарихындағы сыртқы жиынтық бағалау емтиханынан алғашқы жетістіктердің бірі болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің нәтижелі жұмысының көрсеткіші. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5522 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961