Әлеумет Үздік ұстаздың жетістігі көп Редактор 06.10.2023 8328 1 оқу мин NIS жүйесінің барлық педагог мамандары үшін айтулы оқиғаға айналған дәстүрлі «Үздік жыл мұғалімі-2023» байқауына Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Шыңғыс Дархан қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есенғараұлы NIS жүйесінде 5 жылдан астам, ал Түркістандағы Зияткерлік оқу ордасы ашылғалы 2 жылдан бері қызмет атқарады. Бүгінде мектеп қабырғасында «Ziyat» дебат клубының жетекшісі және Youtube желісінде педагогикалық тақырыпқа негізделген подкастары арқылы шәкірттеріне креативті, жан-жақты педагог ретінде танылған. Сонымен қатар мектептің 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында өткен мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанған. 2022-2023 оқу жылы Түркістандағы білім ордасы сыртқы жиынтық бағалау емтиханы бойынша қазақ тілінен үздік 100% нәтиже көрсетіп, NIS желісінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл – Зияткерлік мектеп тарихындағы сыртқы жиынтық бағалау емтиханынан алғашқы жетістіктердің бірі болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің нәтижелі жұмысының көрсеткіші. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 1 оқу мин Әлеумет Әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнанының қызметі тоқтатылды 19.04.2025 5256 Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 1 оқу мин Әлеумет Заңсыз майнинг: 900 млн. теңгеден астам мүлік тәркіленді 16.04.2025 17887 Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте киберполиция алаяқтардың құрбанына ₸46 млн қайтарды 10.04.2025 46583