Әлеумет Отырардың терең тарихы жайлы кітаптарды келушілерге ұсынды Редактор 07.10.2023 12704 1 оқу мин Бүгінде оқырмандардың кітап оқуға ынтасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Фараб кітапханасына «Кітап Travel – 2023» акциясы аясында әдеби-мәдени бағдарламасымен Түркістан облысына қарасты Отырар ауданынан кітап керуені келді. Отырарлық кітапханашылар тақырыптық және өлкетану бағытында көрме жасақтап, Отырардың терең тарихы жайлы кітаптарды келушілерге ұсынды. Іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмақанов, ҚР Білім беру саласының үздігі Айғаным Серім , ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, «Фараб» кітапханасы директорының орынбасары Рысбек Летаев ашып берді. Отырар аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Айнагүл Смайылқызы кітапхана қорына 280 кітап және шағатай тіліндегі сирек кітапты сыйға тартты. Екінші бөлігінде жас айтыскер, ақын Базарбек Бекжанмен кездесу ұйымдастырылды. Жыр мүшәйраларының жеңімпазы, халықаралық және республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүрген кейіпкер өзінің өнер жолы жайлы әңгімеледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 1 оқу мин Әлеумет 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 11.09.2025 3130 2025 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының 449 иегерлері жарияланды 1 оқу мин Әлеумет 2025 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының 449 иегерлері жарияланды 11.09.2025 2843 «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды 11.09.2025 1939