Әлеумет Ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздар Редактор 08.10.2023 10802 1 оқу мин 2023 жылғы 5 қазан күні Түркістан облысына қарасты Саураны ауданындағы Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде мектептің аға тәлімгері Д.Нуриддиннің жетекшілігіндегі Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс- шара өтті. аталған шара педагог мамандардың беделін арттыруға бағытталған шара болып табылады. Мерекелік іс-шара мектеп парламенті және жоғары сынып оқушыларының ұстаздарға сый-құрмет көрсетіп күтіп алуынан басталып, соңы ұстаздарға арналған мерекелік іс-шарамен жалғасын тапты. Мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы А.И.Мубарова және мектеп Кәсіподақ ұйымы төрағасы З.Қ.Абдураимов ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, арнайы алғысхат, құрмет грамоталары және медалдармен марапаттады. Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының жоғары сынып оқушылары ұстаздар қауымына ерекше көңіл-күй сыйлады. Білім мен ғылымға арнаған істері әрдайым абыройлы болып, болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын деген тілек айтты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 21812 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 28065 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 33782