Әлеумет Министрдің алғыс хаты табысталды Редактор 08.10.2023 12608 1 оқу мин Кәсіби мереке қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хатын тек қана мемлекеттік емес, жекеменшік білім беру ұйымдарына да бұйырды. Соның бірі, TULGA SCHOOL білім ұясы. Бүгінде Түркістан облысында 114 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Жылдан жылға өңірімізде заман талабына сай бәсекеге қабілетті мектептер көбейіп, көтеріліп жатыр. Бұл дегенің жекеменшік пен мемлекеттік мектептердің білімнің сапасын көтеруге жұмыла кіріскенін айғақтайтын көрсеткіш. Министр алғыс хатында «Келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, елі мен жерін сүйетін, ұлтқа қызмет ететін адал азамат ретінде қалыптастыру – баршамызға жүктелген үлкен міндет» дей келе, шынайы алғысын жеткізді. Аталған мерекеге орай, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының жолдаған Алғыс хаттары Түркістан қаласында орналасқан Жұмабек Тәшенов атындағы №23 ІТ-лицей мен Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясына бұйырды. Министр алғыс хатында барлық педагогтерге білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестері мен адал қызметі үшін шынайы алғысын жеткізді. 2020 жылғы 1 қаңтардан мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Кейінгі 3 жылда мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артып отырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға өсті. Алдағы уақытта да мұғалімдерге барынша жағдай жасалатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 1 оқу мин Әлеумет МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 09.04.2026 3939 Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 1 оқу мин Әлеумет Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 08.04.2026 5311 ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 5794