Әлеумет Министрдің алғыс хаты табысталды Редактор 08.10.2023 15307 1 оқу мин Кәсіби мереке қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хатын тек қана мемлекеттік емес, жекеменшік білім беру ұйымдарына да бұйырды. Соның бірі, TULGA SCHOOL білім ұясы. Бүгінде Түркістан облысында 114 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Жылдан жылға өңірімізде заман талабына сай бәсекеге қабілетті мектептер көбейіп, көтеріліп жатыр. Бұл дегенің жекеменшік пен мемлекеттік мектептердің білімнің сапасын көтеруге жұмыла кіріскенін айғақтайтын көрсеткіш. Министр алғыс хатында «Келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, елі мен жерін сүйетін, ұлтқа қызмет ететін адал азамат ретінде қалыптастыру – баршамызға жүктелген үлкен міндет» дей келе, шынайы алғысын жеткізді. Аталған мерекеге орай, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының жолдаған Алғыс хаттары Түркістан қаласында орналасқан Жұмабек Тәшенов атындағы №23 ІТ-лицей мен Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясына бұйырды. Министр алғыс хатында барлық педагогтерге білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестері мен адал қызметі үшін шынайы алғысын жеткізді. 2020 жылғы 1 қаңтардан мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Кейінгі 3 жылда мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артып отырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға өсті. Алдағы уақытта да мұғалімдерге барынша жағдай жасалатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1396 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282