Әлеумет «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында ашық сабақ өткізілді Редактор 10.10.2023 16505 1 оқу мин Мұғалімнің біліктілігін сынайтын сәт ашық сабақ болса керек. Бұл сабаққа ұстаздар қауымы барын салып дайындалатыны белгілі. Бұл өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятса, екінші жағынан ұстаздың біліктілігін ұштай түседі. Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Тастұмсық ауылдық округіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында 9 «Б» сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы: «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» деп аталады. Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары — демографиялық өзгерістердің себеп- салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру. Сабақ барысында картамен жұмыс, сәйкестендіру, шығармашылық тапсырма, жұптық жұмыс орындалды. Берілген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындай білді. Оқушылар сабақтан алған әсері туралы кері байланыс арқылы жеткізді. Алдағы уақытта осы сынды ашық сабақтардың көбірек өткендігін қалайтындықтарын жеткізді. Пәндік сабақ барысында ашық сабақтан алған көптеген мәліметтерді пайдаланатындықтарын айтып өтті. Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізген: педагог-модератор Есполатова Айгерім Анарбайқызы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Насыбайшылар қолға түсті 1 оқу мин Әлеумет Насыбайшылар қолға түсті 12.06.2026 6189 В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 1 оқу мин Әлеумет В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 11.06.2026 3864 Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 1 оқу мин Әлеумет Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 11.06.2026 4282