Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімі бірлесіп «Кәсіподақ күні» және «Ұстаздар күні» мерекелерін аудандық мәдениет үйінде салтанатты жағдайда өткізді. Педагогтардың беделін көтеру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға білім саласының ардагер ұстаздары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және ұлағатты ұстаздар қатысты. Сонымен қатар мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық мәслихаттың төрағасы — Х.Байысбаев, «Аманат» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы — Қ.Еркебаев қатысып өз тараптарынан құттықтаулар айтып «Алғыс хаттар»-мен марапатталды. Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрінің «Еңбек ардагері» медальімен С.Бреусов атындағы ЖББМ директорының оқу жөніндегі орынбасары Иманқұлов Ғабит Сәрсенбекұлы, ҚР оқу-ағарту министрінің «Алғыс хатымен» А.Макаренко ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исаев Есболат, Карлаш Александра Васильевна, Б.Садықов атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Абралиев Нұркүл Жамалбекқызы және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» 13 ұлағатты ұстаздарға марапаттауларды аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов табыстады. Мерекелік іс-шарада аудандық мәслихатының «Алғыс хатымен» — 13 ұстаздар марапатталды. Аудандық «ұстаздар күні» және кәсіподақ күні бірлескен мерекеде аудандық білім бөлімінің басшысы Е.И.Қадірбк және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Әбішев құттықтап «облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» 27 ұстаздар, облыстық білім басқармасының және облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен «Алғыс хатымен» 6 ұстаз кәсіподақ белсенділері марапатталды. Сонымен қатар — ардагер ұстаздарға елеулі сіңірген еңбетерін ескере отырып гүл шоқтары мен заттай сыйлықтар табысталды. Бұл бірлесіп өткізілген іс-шараға барлығы 66 мұғалім марапатталып, 223 ұстаздар аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Мерекелік іс-шараға 250 ұстаздар қатысып жоғары дәрежеде өткізілді.