Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп- лицейінің ұйымдастырушы педагог Г.Құрбанбаева мен тәлімгер Ж.Жадигерова және сынып жетекшілер А.Ерман мен Қ.Есеналиеваның ұйымдастыруымен 6 — сынып оқушылары арасында «Дәстүр мен ғұрып» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оқушыларға сапалы білім беруден бөлек саналы тәрбие беру де күн тәртібінде тұр. Аталған шараны өткізудегі мақсаты -жас ұрпаққа салт- дәстүр мен әдет ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру болып табылады. Одан бөлек, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты жиын болып өтті. Аталмыш шара Қазығұрт ауданындағы Ж.Есіркепов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 13 қазан күні ҚББП Х.Усербаева және мектеп тәлімгері Ж.Қасымова, бастауыш мұғалімі Қ. Шантаева ұйымдастыруымен 7-11 сынып қыздарына ақпараттық сабақтар өткізілді. Негізгі мақсаты: Қыз баланың тәрбиесі туралы түсінік, ой қалыптастыру, қыз баланың биологиялық жетілуінің қыз бала өміріне әсері туралы мәлімет беру, қыз балалардың бойына рухани — адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жиналыста қыз балалардың жеке басының гигиеналық тазалығы, достар мен құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды. Бұдан кейін, аудандағы Ж.Есіркепов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ -де «Жас Ұлан » Ұйымының ұланбасын сайлауы болып өтті. Мақсаты: -өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік; -отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру; Сайлауға 8,9,10 сынып оқушылары арасынан 2 үміткер қатысты. Бұл таңдау сайлауы теңдік, еркіндік жасырын дауыс беру қағидаттары негізінде жүзеге асырылды. Дауыс беру нәтижесінде 10 сынып оқушысы Мұрат Ерасыл «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы болып сайланды.