Халқымыздың қолөнері — таза қолмен жасалатын еңбек. Қол еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығында моншақпен тоқу, жіппен бейнелеу, гобелен тоқу, батик, құрақ құрау өнерлері жаңаша сипат алуда. Бұл жұмыстардың барлығы да білімділікті, нәзіктікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етеді. Мұғалімдер оқушыларға сапалы білім беруден бөлек олардың басқа да шығармашылық қабілеттерінің көзін ашып, ұштауға барын салуда. Осындай өнер түрлерін терең зерттеп, жасау техникаларын біліп, үйрену мақсатында 2023 жылдың 13 қазан күні Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының білім бөлімінің Тәкен Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінде көркем еңбек, музыка пән әдіс бірлестігінің «Еңбекке бастан, өнерге жастан» онкүндігінің аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Маметқанова Ақмаралдың ұйымдастыруымен 8-сыныптар аралығында «Таңғажайып қолөнер» шеберлік сағаты болып өтті. Шеберлік сағатында пән мұғалімі оқушылардың ұлттық шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, сәнді қолданбалы өнер туралы білімдерін тереңдете түсуіне ықпал жасады. Қыздарды іскерлікке, ұқыптылыққа, материалды үнемді пайдалануға, шыдамдылыққа үйрету, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағыт бере білді. Өз қолымен ұлттық бұйымдар жасап, шығармашылықпен айналысып, жетістіктерге жетіп жүрген 8-сынып оқушылары: Асқарқызы Мадина, Махмут Эльзира, Бахытжан Еркемарал, Бауыржан Махаббат, Талапбек Айару, Әшімхан Ақбота сынды оқушыларымыздың қолөнер еңбегін атап өткіміз келеді.