Әлеумет Оқушылардан бастамашыл топ құрылды Редактор 15.10.2023 11703 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты Қазанғап Байболов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне орай «Өзін -өзі басқару ұйымы» мен «Жас — Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Дублер күні», яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Дублер күнінің мақсаты — мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. «Дублер күнін» өткізу мақсатында мектепте «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен жоғары сынып оқушыларымен оқушылардан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, жоғары сынып оқушылары атқарды. Дублер күнінің міндеттері: Білім алушыларды білім деңгейін дамыту, белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту; Білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру; Барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту болып табылады. Оқушылар аталмыш шараға өте белсенді қатысты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 27115 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 27007 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 27025