Әлеумет Оқушылардан бастамашыл топ құрылды Редактор 15.10.2023 17540 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты Қазанғап Байболов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне орай «Өзін -өзі басқару ұйымы» мен «Жас — Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Дублер күні», яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Дублер күнінің мақсаты — мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. «Дублер күнін» өткізу мақсатында мектепте «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен жоғары сынып оқушыларымен оқушылардан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, жоғары сынып оқушылары атқарды. Дублер күнінің міндеттері: Білім алушыларды білім деңгейін дамыту, белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту; Білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру; Барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту болып табылады. Оқушылар аталмыш шараға өте белсенді қатысты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 7776 Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 28.08.2026 6614 Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 1 оқу мин Әлеумет Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 25.08.2026 5941