Әлеумет «Қазақ тілім – тұмарым» байқау өтті Редактор 18.10.2023 11771 1 оқу мин Түркістан Облыстық Білім басқармасының №166 бұйрығы мен № 04-1-04/5297 И хатына сәйкес Түлкібас ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Қазақ тілім тұмарым» атты, мектеп аралық жас ақындар айтысы болып өтті. Шараны өткізудегі басты мақсат – қазақ тілінің абыройын аспандату, тіл саясатын дамыту, шешендік өнерді дәріптеу болып табылады. Әлішер Науаи атындағы жалпы орта мектебінен «Құрбылар» айтысы ерекше көзге түсіп, айтыстың ажарын аша түсті. Қарсыластар бір- біріне сауал қойып, айтыс өнерінің дамуына тамшыдай болса да өзіндік үлестерін қосты. Жас ақын, домбырашы қыздарымыз Пешен Ақниет Сәкен қызы 9 сынып және Заухымбек Айлин Бақытжан қызы 7 сынып бақ сынасты. Айтыс өнерінің жыр жауһарларын теріп, суырып салма жанрын дәріптеді. Ана тіліне асқан жанашырлық танытатын жастар барда ұлтымыздың ұлттық дәстүрлі айтыс өнері өшпейтіні анық. Әлішер Науаи атындағы жалпы орта мектебі оқушылардың рухани дамуы үшін бар жағдайды жасайды. Ол үшін түрлі бағыттағы байқаулар ұйымдастырып, оқушылардың интеллектуалды дамуы үшін қолдау көрсетіп отырады. Алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында заманауи үлгідегі түрлі шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 28241 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 26207 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 42871