Әлеумет «Қазақ тілім – тұмарым» байқау өтті Редактор 18.10.2023 17519 1 оқу мин Түркістан Облыстық Білім басқармасының №166 бұйрығы мен № 04-1-04/5297 И хатына сәйкес Түлкібас ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Қазақ тілім тұмарым» атты, мектеп аралық жас ақындар айтысы болып өтті. Шараны өткізудегі басты мақсат – қазақ тілінің абыройын аспандату, тіл саясатын дамыту, шешендік өнерді дәріптеу болып табылады. Әлішер Науаи атындағы жалпы орта мектебінен «Құрбылар» айтысы ерекше көзге түсіп, айтыстың ажарын аша түсті. Қарсыластар бір- біріне сауал қойып, айтыс өнерінің дамуына тамшыдай болса да өзіндік үлестерін қосты. Жас ақын, домбырашы қыздарымыз Пешен Ақниет Сәкен қызы 9 сынып және Заухымбек Айлин Бақытжан қызы 7 сынып бақ сынасты. Айтыс өнерінің жыр жауһарларын теріп, суырып салма жанрын дәріптеді. Ана тіліне асқан жанашырлық танытатын жастар барда ұлтымыздың ұлттық дәстүрлі айтыс өнері өшпейтіні анық. Әлішер Науаи атындағы жалпы орта мектебі оқушылардың рухани дамуы үшін бар жағдайды жасайды. Ол үшін түрлі бағыттағы байқаулар ұйымдастырып, оқушылардың интеллектуалды дамуы үшін қолдау көрсетіп отырады. Алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында заманауи үлгідегі түрлі шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 3635 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 3753 Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 03.07.2025 4539