Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде 25 қазан – Республика күніне орай, мамандық таңдау дебат ойыны болып өтті. Мамандық таңдау бұл — бұл адамның жас кезіндегі басты өмірлік таңдауларының бірі, өйткені мамандық таңдағанда ол өмір салтын да таңдайды. Дебатқа қатысушылар жастардың мамандық таңдаудағы қиындықтарын талқылады, типтік қателіктерді қарастырды, іс-қимыл жоспарын жасады, басымдықтарды анықтады. Мамандық таңдаудың қиын жолындағы маңызды қадам — оқу орнын таңдау. Сапалы білім беретін оқу орнын таңдау да оңай шаруа емес. «Қайда оқуға бару керек?» деген сұрақ оқушылар мен олардың ата-аналарын да алаңдатады. Сондай-ақ, шынымен қызықты болатын және болашақта көңіліңіз қалмайтын мамандықты қалай таңдауға болатындығы туралы ақпарат алды. Өйткені, мамандық таңдау – бұл «кім болу керек» деген таңдау ғана емес, бұл белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығын таңдау, бұл болашақ қарым-қатынас шеңберін, стильді анықтау мақсатында «Мен таңдаған мамандық — Қазақстанның болашағы» атты тақырыпта «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының жетекшісі Сатылғанова Мадина әріптесіміз «Қазақстандағы хит мамандық» және «Мамандық таңдау жолында ата-ананың қалауы бірінші орынға қою керек па» дебат (пікір -талас) сайысын жоғарғы деңгейде ұйымдастырып өтті. Пікірсайысқа 10 а, 9 в сынып оқушыларынан құралған Жақтаушы тобы: 9в сынып оқушысы : Жусип Нурлен, ата-ана: Демеуова Ғалия, тарих пәні мұғалімі: Утеев Жамбыл, Даттаушы тобы: 10 а сынып оқушысы : Сапаш Амина, ата-ана : Мусаева Гулзипа, тарих пән мұғалімі: Келдібаева Гүлшат әріптестеріміз сұрақ — жауап, ситуация туғызу, нақты дәлелдер келтіріп, тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет) – ді, талқылап, регламенті сақтап, ситуациялық сұрақтарға толық жауап беріп, «Менің Қазақстаным» әнімен аяқтады.