Әлеумет Ауыл мектептерін дамыту мәселесі талқыланды Редактор 20.10.2023 7045 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданының білім бөлімі мен Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2023 жылдың 19-20 қазанында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдістәсілдері» тақырыбындағы республикалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктес шағын жинақты білім мекемелерінде білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен алмасу болып табылады. Республикалық шара аясында «Оқушыларды ғылым жарыстарына дайындау тәсілдері» тақырыбында TEDX, педагогтың дамуы мен жетілуінің жаңа мүмкіндіктерін талқылауға арналған дөңгелек үстел, ауыл мектебінің қазіргі жағдайы, мәселелері мен шешу жолдарын анықтау мақсатында телекөпір, желілік қоғамдастық аясында мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы, «Көмектаймс» жобасын шағын жинақты мектептер жүйесімен үйлестіру үшін арнайы Case study, «Ауылым-алтын бесігім» зияткерлік сайысы сияқты бірнеше тақырыптың алаңдар ұйымдастырылды. Жиында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою мәселелері де сөз болды. Семинарға еліміздің әр аймағынан жиналған 140-қа жуық мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының ғалымдары да қатысты Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 5774 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 5298 Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 03.07.2025 6011