Әлеумет АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҮЗДІК ОҚЫРМАНҒА ВЕЛОСИПЕД БЕРІЛМЕК Редактор 12.11.2023 16973 1 оқу мин Келес ауданындағы №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы жүзеге асуда. Алдағы уақытта үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа құнды сыйлықтар берілетін болады. Жобаға жеке кәсіпкерлер Бекшораев Марат, Құтымов Марат, Ахметов Сапархан сынды ел ағалары демеушілік жасауда. Мектеп директоры Убайдулла Ералиевтің айтуынша игі жобаға жастар арасында қызығушылар артып келеді екен. — Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітап сүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдасытырылып отыр. Кітап — терең ойлауды, есте сақтау қабілетімізді жақсартып, зейін-зерде, ақыл-ойымызды еркін жеткізуге жаттықтырады. Балалар велосипедті көріп кітап оқуға деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдемін,- дейді мектеп басшысы. Айта кету керек мұндай акция бұған дейін Келес ауданындағы тағы бір мектепте ұйымдастырылған еді. Жастарды кітап оқуға баулуда мұндай жобалардың рөлі орасан зор. Қазіргі таңда аталған білім ордасында 400-ден аса оқушы тәлім алады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 38849 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 37737 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 37231