Әлеумет АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҮЗДІК ОҚЫРМАНҒА ВЕЛОСИПЕД БЕРІЛМЕК Редактор 12.11.2023 22725 1 оқу мин Келес ауданындағы №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы жүзеге асуда. Алдағы уақытта үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа құнды сыйлықтар берілетін болады. Жобаға жеке кәсіпкерлер Бекшораев Марат, Құтымов Марат, Ахметов Сапархан сынды ел ағалары демеушілік жасауда. Мектеп директоры Убайдулла Ералиевтің айтуынша игі жобаға жастар арасында қызығушылар артып келеді екен. — Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітап сүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдасытырылып отыр. Кітап — терең ойлауды, есте сақтау қабілетімізді жақсартып, зейін-зерде, ақыл-ойымызды еркін жеткізуге жаттықтырады. Балалар велосипедті көріп кітап оқуға деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдемін,- дейді мектеп басшысы. Айта кету керек мұндай акция бұған дейін Келес ауданындағы тағы бір мектепте ұйымдастырылған еді. Жастарды кітап оқуға баулуда мұндай жобалардың рөлі орасан зор. Қазіргі таңда аталған білім ордасында 400-ден аса оқушы тәлім алады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 7770 Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 28.08.2026 6614 Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 1 оқу мин Әлеумет Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 25.08.2026 5941