фото egemen.kz
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі).
Меркі ауданының тұрғыны азамат С. үйінде кәмелетке толмаған ұлының көзінше алкогольдік ішімдіктер ішіп, сол арқылы оған кері әсерін тигізген. Аталған фактіге байланысты С.-ға қатысты хаттама жасалып, әкімшілік іс қозғалды. Кінә хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Азамат С. кінәсін толық мойындады. ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Сот, кінәні мойындауды, құқық бұзушылықты бірінші рет жасауды, оң қырынан сипатталуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты. Сот қаулысымен С. ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК (30 275 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
