
Бүгін Жетісай қаласында «С. Малдыбеков» атындағы автобөлшек базары өртке оранды. Төтеншеліктердің мәліметінше, жалынның көлемі сауда нысанының төрттен бір бөлік аумағын шарпыған. Жуырда ғана Асықата базары өртке оранған болатын. Енді тағы бір базар тілсіз жаудың қармағында қалды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 дана өрт автокөлігі мен 25 қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталу үстінде.
Жүсіп Ильясов, Жетісай аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері: «Түскі уақытта яғни, 13:31 минутта Жетісай қаласы Яссауи көшесінде орналасқан «С.Малдыбеков» атындағы автобөлшек базарында өрт болып жатқаны жөнінде хабарлама түсті, өрт автокөлігі сағат 13:37 минутта жетті. Жалпы көлемі 1000 квадрат метр автобөлшек базардың 288 кв. метрі жанды. Зардап шеккендер жоқ».