
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, өзіне бұрын соңды таныс емес бейтаныс азамат ұялы телефонын пайдаланып, интернет қосымшаларының бірі арқылы оның есепшотынан 1 млн. теңгесін рұқсатсыз шешіп алған.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы екі тәулік ішінде азаматтың жеке басы анықталған. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тиісті басқармаға жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер де, Сіз алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі