Әлеумет Білім және ғылым министрлігі Айдын Рахымбаевтың жазғы демалысты қысқарту жайлы бастамасын құптады ма? Редактор 14.02.2022 14417 1 оқу мин Білім және ғылым министрлігі Binom school мектебінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаевтың Қазақстан мектептерінде оқу жылын ұзарту жайлы бастамасын қолдамады. Рахымбаев бұған дейін оқу жылын 34 аптадан 38 аптаға дейін созуды ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Рахимбаев Білім және ғылым министрлігі мектептерге жазғы демалыс мерзімін қысқартуға кеңес бермейді. Ведомствода барлық білім беру мекемелерінің мемлекеттік стандартты сақтау қажет екенін мәлімдеді. «Барлық білім беру ұйымдары меншік формасына қарамастан жалпыміндетті стандартты сақтауға міндетті. Жаңа жобаны қоспай тұрып дәлелдемелермен бекіген және алдын ала талқыға түсуі керек», — делінген министрлік хабарламасында. Министрлікте мұндай шешімді сәйкес зерттеулерден кейін ғана қабылдау керегін қосып өтті. 2021 жылы педагогтардың тамыздағы конференциясында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясына тиімді оқу мерзімі мен жүктемені азайтуға бағытталған зерттеу жүргізу тапсырылған. Зерттеудің қашан аяқталатыны белгісіз. Бұған дейін Binom school мектебінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев оқу жылын ұзарту жайлы министрлікпен келісімнің бар екенін айтқан еді. Binom мектептері аталмыш бастаманы қолданып пилоттық жобаны іске қосатынын мәлімдеген. Рахымбаевтың сөзінше, премьер-министр де бұл бастаманы қолдап, мектептерге жаңашылдық енгізу қажет екенін айтқан. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961