Әлеумет Шымкент: №2 қалалық ауруханасының дәрігерлері инфаркт алған науқасты аман алып қалды Редактор 22.02.2022 17250 1 оқу мин №2 қалалық ауруханасында инфаркт алған науқасқа алғаш рет шұғыл түрде жүрек қан тамырларына стенд қою отасы жасалды. Заманауи әдіспен жасалған ота аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиевтің жетекшілігімен өтті. 16-ақпан күні сағат кешкі 21-00 шамасында ауруханаға өз шағымымен Сарыағаш ауданының 64-жастағы егде жастағы кісі медициналық көмекке жүгінген болатын. Науқас өз шағымында жүрек тұсында қатты ауырсынуды айтып, мазасызданып жатқанына шағымданған. Тексеру барысында науқастың инфаркт алғаны анықталған. Мұндай кезеңде дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға 10 және 60 минут аралығында уақыттары болған. Отаны неғұрлым ерте жасау науқастың өмірін алып қалуға және мүгедекті алдын алуға зор септігін тигізеді. Науқасқа бұдан алдында нақты 2015 жылы стенд қойылған. Дәрігерлер науқасқа толық тексеру жасап болған соң ангеографиялық зерттеу орталығына кіргізіп, ота жасауға көшкен. “Ота науқас кіргеннен сәттен бастап 20 минут ішінде сәтті түрде жасалды”-дейді №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Рахматалиев Асқар. Қазір науқастың жағдай жақсы. Өзін жақсы сезінуде.Бір екі күннің ішінде пациент ауруханадан шығарылады деп жоспарлануда. Айта кетейік, тіліксіз жасалған операция кезінде дәрігерлер наркоз қолданбай, жергілікті анестазияның көмегімен жабық түрде ота жасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961