Әлеумет Орман шаруашылығынан сауапты іс Редактор 26.03.2022 16249 1 оқу мин Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады. Бүгін, Халықаралық орман күні! Жер құрсауы босап, табиғат-ана түлей басталған кез. Айтулы күнде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын алғашқылардың бірі болып бастады. Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында Междуреченск орман тұқымбағының аумағында қырым қарағайы мен қайың ағаштары отырғызылды. Сондай-ақ, шара барысында «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, зертхана жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін интерактивті карта таныстырылды. Баспасөз-туры барысында орман шаруашылығына байланысты атқарылған жұмыстар, брендтік жобалар жайында да ақпарат берілді. #Мекенім – жасыл орманым! ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911