Әлеумет 23 мектеп директоры кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды Редактор 18.05.2022 16071 1 оқу мин Кәсіпкерлік қызмет саласына және басшылық тарапынан қабылданбаған шараларға байланысты Алматы облысында 28 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 10 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент қызметі 17 мамырдағы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (ӘҚБтК-нің 154, 680-баптары бойынша) 28 әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді. Мысалы, ӘҚБтК-нің 154-бабына сәйкес «кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған адамның осындай қызметпен айналысуына» байланысты Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның кірістері тәркіленіп, 200 АЕК көлемінде (612 600 теңге) айыппұл салынды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Ведомствоның мәлімдеуінше, дәл осы баппен облыс бойынша 23 мектеп директоры кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6819 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480