Әлеумет Полицейлер дүкенде тұрған сөмкеден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады Редактор 18.06.2022 14589 1 оқу мин Алаяқтар мен ұрылар көбейіп тұрған шақта тәртіп сақшылары азаматтарға дүние мүлкіне барынша мұқият болуды ескертсе де нмқұрайдылық танытатындар бар. Дегенмен құқық қорғаушылар ұрлық қылмысының жылдам ашылуы бойынша нәтижелі жұмыстар атқаруда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер дүкен ішінде тұрған қара сөмкесінен алтын бұйымдары мен ақшасын, сонымен қатар сөреде тұрған 8 дана ішімдікті ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған екі ер адам ұсталды. Олар бір-біріне көршілер болып келеді. Анықталғандай екі көрші зат сатып алуға дүкенге кірген. Содан ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, оңай олжалы болуды көздеген. Қолдарына ілінген бөтеннің мүлкін жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қос ер азаматтан алтын бұйымдар тәркіленіп алынды. Күдіктілер ұрлаған алтын бұйымдарды жасырып қойып, ұрлаған ішімдіктерді ішкен. Қазіргі таңда екі жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін дүкендерге, ғимараттарға, тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911