Әлеумет Оңтүстік өңірінің денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне құрмет көрсетілді Редактор 20.06.2022 11380 1 оқу мин «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 19 маусым Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шараны атап өтті. Медицина саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, халық денсаулығын сақтауға бар білімі мен тәжірибесін арнаған ардагерлеріміз әрқашан құрметке лайық. Медицинаның дамуына зор үлес қосқаны үшін, еңбек жетістіктері үшін аталған іс-шарада ардагерлерімізге құрмет көрсетілді. «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы Оңтүстік өңіріндегі денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің басын қосып, мерекелік дастархан жайды. Мерекелік іс-шара кезінде ұйымдастырушылар ардагерлермен сұқбаттасты. Ал жас дәрігерлер ардагерлердің жүріп өткен жолы мен еңбек жолындағы жетістіктерді көпшілікке насихаттап, үлгі етті. Ардагерлер өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Шара кезінде ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарлама қойылып, бағалы сыйлық табысталды. Мерекеде зор құрметке бөленген денсаулық сақтау саласының ардагерлері жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс – шарадан алғыстарын айтып, бата беріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Денсаулық сақтау саласы мамандары – адам денсаулығына қамқорлық танытқаны үшін әрқашан құрметке ие. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911