Әлеумет Ет сатып алып, ақшасын бермей қойған алаяқ ұсталды Редактор 02.07.2022 12038 1 оқу мин Төрт түлік малды өрістен үстеп кететіндер, сойылған малдың етіне де алаяқтық жасап жатыр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оған бейтаныс әйел сойылған мал еттерін көтерме бағада сатып беремін деп сеніміне кірген. Ол жәбірленушіден 310 келі болатын жылқы етін, 555 келі болатын бұқа етін алып, алғашқы жарна ретінде 500 000 теңге ақшасын берген. Осылайша әйел сенімге кірген соң, қалған ақшасын қайтармай қойған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ақпарат алысымен алаяқтық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез-келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9126 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911