Әлеумет «Өнертабысқа патент және оны құқықтық қорғау» тақырыбында семинар өтті Редактор 23.07.2022 12157 1 оқу мин Ағымдағы жылдың 22 шілде күні Түркістан облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі және ҚР «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілінің қатысуымен » Өнертабысқа патент және оны құқықтық қорғау» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға ҚР Патент Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес, өнеркәсіптік объектілер туралы түсіндірме берілді. Заңның 5 бабына сәйкес, өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар патентпен қорғалады. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады және патент иеленушінің өтінішхаты бойынша бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін. Пайдалы модельге патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады және патент иеленушінің өтінішхаты бойынша үш жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6522