Әлеумет Өз ауласына есірткі еккен… Редактор 24.07.2022 9891 1 оқу мин Есірткі өсіру мен оны сақтау заңмен қудаланатыны белгілі. Алайда осыны біле тұра заңға қайшы әрекетке баратындардың қатары азаймай тұр. Дегенмен құқық қорғаушылар аталмыш қылмыс түріне қатысты қарқынды жұмыс атқаруда. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер орта жастағы ер адамның үйіне барып, оның ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Оны айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолдады. Нәтижесінде алынған заттың «сора» есірткісі екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1312 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282