Әлеумет Бейнебақылау камералары іске қосылды Редактор 24.07.2022 11975 1 оқу мин Шілде айы басталысымен Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағындағы тасжолдарға орнатылған 6 дана «Сергек» бейнебақылау камералар жүйесі іске қосылды. Жүйе жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсiнен өту, сондай-ақ, көліктің күндізгі жарық шамы жағылмаған, қауіпсіздік белдігі тағылмаған жағдайлар сияқты заң бұзушылықтарды анықтайды. Бейнекамералардағы бүкіл ақпарат бірден Түркістан облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасындағы базаға түседі. Бұл полиция үшін жағдайды бағалау және қажет болған жағдайда жедел шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолда жүру ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында 15 бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды. Жолда жүргенде және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде халық құқық қорғау органдарымен тізе қосып белсенді әрекет еткенде ғана үлкен жетістікке қол жеткізуге болады. Тәртіпке бағынған құл болмайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1446 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282