Әлеумет Ішімдік ішіп көлік тізгіндеген 32 жүргізуші анықталды Редактор 28.07.2022 15978 1 оқу мин Бүгінде Түркістан облысының барлық аумағынд «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізіліп жатқаны белгілі. Шара барысында түрлі құқық бұзушылықтар анықталуда. Көшені космос деп ойлап құйғытатындар да, қарапайым ережені сақтамайтындар да баршылық. Тек рейд кезінде ғана емес әрдайым жол ережесін сақтап жүрген абзал. Өйткені өзіңіздің де, өзгенің де өміріне қауіп төндірмеу баста қағида болуы тиіс. Түркістан облысы аумағында 1 ай мерзімге жоспарланған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды іске асыруда. Тәртіп сақшылары бірінші кезекте тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілігін қарастыруда. Іс-шараның бес тәулігінде Түркістан облысының полицейлерімен 5786 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ең көп орын алған құқық бұзушылық қатарында, қауіпсіздік белдігін тақпау. Бұл бойынша 1186 жайты анықталды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден кесіп өткені бойынша 1100 дерек белгілі болды. Көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданудың 527 жайтына хаттама толтырылды. Техникалық байқаудан өтпеудің 362 жайты анықталды. Маневр жасау ережесін бұзған 220 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал жылдамдықты шамадан тыс асырған 184 жүргізуші әкімшілік айыппұл арқалады. Заңсыз қайта жабдықтау бойынша 62 дерек анықталып, ішімдік ішіп көлік тізгіндеудің 32 дерегі тіркелді. Сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілерімен 5 тәулікте 143 құқық бұзушылық анықталды. Мысалы Қызылорда-Шымкент бағыты бойында «VAN HOOL 917» маркалы көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды. Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. Сіздің бір қателігіңіз өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өмірін жалмауы мүмкін екенін естен шығармаңыз! Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018