Әлеумет 87 автокөлікке әкімшілік хаттамалар түзілді Редактор 30.07.2022 19890 1 оқу мин Жол бойында орын алатын түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Рейд кезінде заңсыз құжатсыз жүрген 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, 87 автокөлікке әкімшілік кодекстің тиісті баптары бойынша хаттамалар түзілді. Атап айтар болсақ, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша – 35, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануымен – 6, жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін 36, маневр қағидаларын бұзу бойынша 10 хаттама толтырылды. Мәселен, «Ваз 21144» маркалы автокөліктің жүргізушісіне қосымша жарықшам орнатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша хаттама толтырылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5738 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12150 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 12067