Әлеумет Облыстық сот судьяларының қатысуымен көшпелі семинарлар өткізілді Редактор 30.07.2022 16825 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысының үш сотында нақты істерді қарауға практикалық көмек көрсеткен облыстық сот судьяларының қатысуымен көшпелі семинарлар өткізілді. Семинарлар Түркістан облыстық сотының, Қазығұрт және Шардара аудандық соттарының ғимараттарында өткізілді. Аталған шаралардың барысында сот актілерінің өзгеруіне әкеп соқтырған кемшіліктердің негізгі себептері, оның ішінде сот практикасының біркелкілігі қағидатын бұзу мәселелері талқыланды. Сот тәжірибесінің бірізділігі бойынша жұмыстарды жетілдіру қажеттілігі туралы айта келе, облыстық соттың судьялары қазіргі кездегі жұмыс жасау тәсілдерін талдау мен кемшіліктерді жою шараларын жоспарлау қажеттілігіне назар аударды. Судьялардың ойынша оқу іс-шараларын өткізудің мұндай принципі кәсіби деңгейді жоғарылату тұрғысынан оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сот практикасының біркелкілігі мәселелерін талқылауға және облыстың судьялар корпусы арасындағы корпоративті ынтымақты арттыруға септігін тигізеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018