Әлеумет Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы құжат жобасы жасалды Редактор 07.08.2022 12365 1 оқу мин Қазақстан-Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобалар пакетін қалыптастыру аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті. «Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді», — делінген ведомство хабарламасында. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-ozbekstan-memlekettik-shekarasyn-demarkaciyalau-turaly-kuzhat-zhobasy-zhasaldy_a3963820 Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6109 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6522