Әлеумет Атырауда вахталық жұмысқа тұрғызу ақысы қанша теңге болады? Редактор 24.08.2022 2279 1 оқу мин Түркістан қаласында орын алған кезекті алаяқтық жайты ашылды. Яғни Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Оның айтуынша, танысы Атырау қаласындағы белгілі бір компанияға вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 150 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Хабарлама бойынша Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, Полиция басқармасына жеткізді. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Сондай-ақ күдікті дәл осындай алаяқтықпен 3 тұрғынды алдап кеткен. Олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден алған. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді ескертеді Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 1 оқу мин Әлеумет 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 05.05.2024 1904 Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 1 оқу мин Әлеумет Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 05.05.2024 1984 Күрделі ота сәтті өтті 1 оқу мин Әлеумет Күрделі ота сәтті өтті 05.05.2024 1805