Әлеумет Педагогтар кәсіби міндетіне кірмейтін құжаттарды толтыруы тиіс емес Редактор 30.08.2022 21992 1 оқу мин Ендігі таңда педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. Оның көлемі 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін барады. Себебі, соңғы жылдары педагогтерді кәсіби міндетінен тыс басқа да жұмыстарды істетіп қояды дейтін мәселелер жиі айтылып кетті. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы шықты. Бұйрықта орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі келтірілген. Атап айтқанда, олар: Күн сайын екі құжат толтырады Сынып журналы Сабақ жоспары Оқу жылының басында Күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындайды Әр тоқсан соңында Критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады Жас педагогтің тәлімгері * Жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады * 17 000 теңге үстемеақы Сынып жетекшісі * Оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды * Ата-аналар жиналыстарын өткізіп, хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырып, қажеттілігіне қарай жеке істерін жаңартады ҚР БҒМ (№719) және ҚР ҰЭМ (№843) бірлескен бұйрығы. Құрметті педагог, егер де жұмысыңызға қатысты емес құжат толтырып жатсаңыз, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласыңыз. Департамент басшысының орынбасары Ж. Касымова тел: 87015260478 Бөлім басшысы Г. Медеубек тел: 87057170364 Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6109 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592